Әйел сәбиін үйінде босанып, мүрдесін қоқысқа тастаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Өскеменде 44 жастағы әйел баланы өз үйінде медициналық жәрдемсіз босанған. Баланы өлі туған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға өткен жексенбіде болған. Әйел баласының өлі туғанын көріп, денесін қоқысқа тастапты. Әйел жүктілік бойынша есепте тұрмаған. Және бірде-бір рет дәрігерге қаралмаған. Кейін оны жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызды.
Шығыс Қазақстан облысының полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қаз
Рус






