Демалысқа шыққан бүтін бір отбасы суға батып кетті

1 816

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comАқмола облысында Арнасай су қоймасына демалуға келген бүтін бір отбасы суға батып қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 5 тамыз күні түстен кейін Аршалы ауданындағы Арнасай су қоймасында болған. Астанадан келген отбасы су айдынына демалуға келген. Алайда бұл орын шомылуға арналмаған.


Қызы суға бата бастағанын көріп, ағасы мен әкесі оны құтқаруға тырысқан. Алайда бір сәтте суда болғандар дүрліге бастаған. Сол кезде отбасын құтқару үшін балалардың анасы да суға түскен. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты жел мен толқынның әсерінен бүкіл отбасы суға батып кетті.


«Төртеуі де бір отбасының мүшелері. 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін куәгерлер тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның денесін Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары іздеп жатыр», - делінген хабарламада. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.