ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КЕШІКТІРУДЕ
651
Әрдайым денсаулық саласы бойынша түрлі сыни-пікірлер айтылуда. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің бірқатар ауруханаларында жалақының кешіктіріліп жатқандығы жөнінде хабар келді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қымбатшылық қысқан заманда жалақысыз отыру санаға сыйымсыз жағдай. Ал, енді мемлекетт қарамағындағы мекемелердің жалақы бермеуі дегенді қалай түсінуге болады? Өңіріміздегі медицина саласында орын алып отырған бірқатар кемшіліктерге көзіміз үйреніп-ақ кеткендей. Десек те, бір топ медицина саласының қызметкерлері бүгін әлеуметтік желіге жазған жазбасы жаға ұстатты.
Алайда, әлі күнге дейін жалақының тек 50 пайызы берілгендігі жөнінде аурухана басшылығы растады. Орын алған кемшілік аурухана тарапынан емес екендігін сөз еткен Облыстық Балалар ауруханасының бас дәрігері:
Сонымен қатар, «Жедел жәрдем» қызметкерлері мен «Қызылорда Облыстық Жұқпалы Аурулар Ауруханасы» қызметкерлері де жалақының жоқтығын жазып, пікір білдіруде.
Облысымыздағы денсаулық саласындағы болып жатқан олқылықтардан Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономикалық сұрақтар жөніндегі орынбасары хабарсыз екендігі мәлім болды.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Біз Тасбөгет кентінде орналасқан Облыстық Балалар ауруханасының бір топ медбикелері өзімізге тиесілі ай сайынғы еңбекақымыздың наурыз айы бойынша берілетін жалақымыздың 50 пайызын ғана алып отырмыз, қалған жалақымызды қай уақытта алатынымыз белгісіз. Әрбіріміздің отбасымыз, несиелік төлемдеріміз бар! Осыны ескерген жөн. Басшылық тарапты бұл мәселе қызықтырмағандығы ма? Әлі күнге дейін жалақы алмау деген не сұмдық»,- деген болатын.
Алайда, әлі күнге дейін жалақының тек 50 пайызы берілгендігі жөнінде аурухана басшылығы растады. Орын алған кемшілік аурухана тарапынан емес екендігін сөз еткен Облыстық Балалар ауруханасының бас дәрігері:
«Біздің мекеменің қызметкерлеріне толық түсіндірген едік. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ қаржы аударса, есеп-шот қаржыландырылса, біз жалақыны толық төлеуге дайынбыз. Кедергі біздің тарапымыздан емес. Жалақы 3-4 күннің ішінде аударылатын болады. Түсіністік танытуын сұраймын»,-деді Зоя Рахатқызы.