Қарағандыда жасөспірім қыз есірткі жасырып жүрген жерінен ұсталды

214
Қарағандыда 17 жастағы есірткі жасырушы қолға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 16 қазанда қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен қала көшелерінің бірінде 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған қыз ұсталған.

«Қыз баланың сөмкесінде 20 орам ерекше иісті, өсімдік тектес жасыл түсті заттар болған. Сараптама қорытындысына сәйкес аталған заттар 35,09 гр марихуана есірткі заты екені белгілі болды. Ұсталған бойжеткен тамыз айының басында әлеуметтік желі арқылы «есірткі жасырушы» болып жұмысқа тұрғанын түсіндірді. Ол істеген жұмысы үшін ақшаны электронды-әмиян арқылы алып отырған. Бұл жағдайда кәмелеттік жасқа толмаған қыз өзіне жұмыс беруші «куратордың» нұсқұауымен 20 орам марихуана есірткі затын айтқан жерлерге жасыру қажет болған», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.