Жоқ өнімге жалған құжат жасап, мемлекеттен 12 миллион теңге алған

1 606

фото: novostipmr.comШымкентте кәсіпкерлер 600 мың литрден аса сүтті өткіздім деп жалған құжат тапсырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.


Ауыл шаруашылығымен айналысатын адам өзі өндірмеген өнім үшін мемлекеттен 12 миллион теңге субсидия алған. Қазір іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа жолданды.


"Тауар өндіруші сүт өнімін сүтті өңдейтін кәсіпорындарға өткізуі керек болған. Кәсіпорындардың қала прокуратурасына берген мәліметіне сәйкес бұл тауар өндірушіден ешқандай өнім алмағаны белгілі болды. Мемлекеттен бөлінетін субсидия тауар бағасын арзандатуға бағытталған. Әр литріне 20 теңгеден төленеді", - дейді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры Қали Бейсенбаев. 


Дәл осындай жолмен мемлекет қаражатын негізсіз алмақ болған бірнеше кәсіпкер анықталған. Олардан қазір 24 миллион теңге қаржы өндірілді. Ал бұл іске жауапты ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 6 лауазымды тұлғасы, оның ішінде басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.