14 жастағы қызды зорлап, өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына сотталды
Құлсарыда 7 жастағы қызға күш көрсетіп, зорлап, өзенге батырды деген азаматқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында кәмелетке толмаған қызды зорлау (120-баптың 4-бөлігі) және кәмелетке толмаған баланы қасақана өлтіру (99-баптың 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралды.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың маусымында Құлсары қаласында 7 жастағы қыз бала Құрсай өзенінің жағалауында серуендеп жүріп, үйіне қайтып бара жатқанда адасып кеткен. Жолда ер адамды кезіктірген. Алкогольге мас күйде болған ер адам оған үйіне баратын жолды көрсететінін айтып алдаған, өзімен бірге жүруді ұсынған. Осылайша қызды жаңылыстырып, оны өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, зорлаған. Жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, кейін өзенге батырып жіберген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тағы да оқыңыздар
