17 жастағы қызы сатушы болғаны үшін көпбалалы ана жауапкершілікке тартылды
Ақтауда он баланың анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім сотта заңсыз деп танылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әйелге 17 жастағы қызы сатушы болып жұмыс істегені үшін «баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамады» деген айып тағылған. (ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі).
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі қарап, келесі жайттарды анықтады:
Кәмелетке толмаған қыз жеке кәсіпкермен ресми еңбек шарты негізінде консультант ретінде жұмыс істеген;
Еңбек кодексіне сәйкес, 16 жастан бастап еңбек шарты жасалуы мүмкін, ал жұмыс уақыты күніне 2 сағаттан аспауы тиіс;
Еңбек шартында мөрдің болмауы кәмелетке толмағанның кінәсі емес;
Қыз көпбалалы отбасына материалдық көмек көрсету мақсатында жұмыс істеген.
Сот әкімшілік істі қарау кезінде адамның кінәсі дәлелденбеген жағдайда барлық күмән оның пайдасына қаралуы тиіс екенін атап өтті. Нәтижесінде, сот көпбалалы ананың талабын қанағаттандырып, оған қатысты толтырылған әкімшілік хаттаманы жойды. Шешім заңды күшіне енді.







