Күйеу жігіт қалыңдық жасауында салқындатқыш болмағаны үшін ұрып тастаған

189

Үйлену тойында қалыңдығының артынан келген жасаудың арасында салқындатқыш жоқ екенін естіген күйеу жігіт оны шапалақ ұрып, талдырып тастаған,-  деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі. 

Оқиға 11 мамырда Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған. Болашақ ерлі-зайыптылар үнділердің үйлену тойын өткізетін дәстүрлі джаймала рәсімі кезінде гүл тізбегін алмасу үшін сахнаға шыққан.

"Сол кезде күйеу жігіт қалыңдықтың отбасы жасауға кондиционер қосуға келіспегенін біліп, ашуға булығып шыға келеді. Ол қалыңдықты шапалақпен бір салып, сахнадан итеріп жібереді. Қатты құлаған бойжеткен есінен танып қалған", - делінген хабарламада.

Оқиғаның соңы күйеу жігіт пен қалыңдықтың туыстары арасындағы төбелеске ұласқан. Екі жақтан да көптеген қонақтың жараланғаны белігілі болды.

Полицейлер екі отбасы өзара келісімге келіп, тойды тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.