"Талибан" АҚШ әскеріне елден кетуге уақыт берді

398
"Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған) Сухейл Шахин 31 тамыз АҚШ әскері елден кетіп үлгеруі керек соңғы күн екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бұл соңғы күн. Президент Байден 31 тамызда барлық әскери күштерді шығаратынын мәлімдеді. Сондықтан, егер олар (елде болу уақытын) ұзартса, елді басып алуды ұзартып жатқанын білдіреді", - деді Шахин Sky TV телеарнасына берген сұхбат.

Оның айтуынша, егер Америка Құрама Штаттары немесе Ұлыбритания эвакуацияны жалғастыру үшін тағы уақыт сұраса, оның жауабы анық - рұқсат берілмейді. "Әйтпесе, мұның салдары болады", - деді ол.

"Бұл арамызда сенімсіздік тудырады. Егер олар басып алуды жалғастырса, оның жауабы болады", - деп қосты Шахин.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.