ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР "PechaKucha" ШАРАСЫНДА БАСҚОСТЫ

150
Кеше Қызылорда қаласында ерекше форматтағы «PechaKucha» іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«PechaKucha»  түрлі тақырыптағы баяндамалар мен презентацияларды ұсынудың ерекше үлгісі. Яғни спикерлер 20&20 форматында ой бөлісіп, жаңа идеяларын ортаға салады. Дәстүрлі түрде бесінші рет ұйымдастырылған кеште бұл жолы цифрлық жобалар, халыққа қолжетімді мобильді қосымшалар таныстырылды. 

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен басқосуға облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов қатысып, салаға елеулі үлес қоқан бірқатар азаматқа облыс әкімінің алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, спикер ретінде "Digital Qyzylorda" аясында мемлекеттік қызметтерді цифландыру барысын баяндады.
 Кешкі кездесуде спикерлер түрлі тақырыптарды қозғады. Гүлжазира Абдразақова "ІТ мектеп - мүмкіндік мекені", Шаризат Алмашова "Отбасының цифрлық картасы" жобасының ерекшеліктерімен бөлісті. Ал, Фархад Әбжаппаров "Цифрлы колледж", Роман Цой мен Асқар Райхан "Жусан" мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін таныстырды. Темірхан Мұқанғали «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы қызылордалықтар 60-тан аса сервисті пайдалана алатынын жеткізді.

Айту керек, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен өңірде цифрлық жобалар сәтті жүзеге асып, жастардың озық идеясын қолдайтын түрлі ІТ байқаулар өткізілуде. Осыған дейін «Smart City Kyzylorda Hackathon» байқауы өтіп, үздік инновациялық жоба авторларына грант берілсе, желтоқсан айында INNOFEST байқауы өткізіліп, үздік инновациялық идеялар сарапқа түседі.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.