Әкімдік ғимаратын жаңартуға үкімет резервінен 7 млрд теңге бөлінбек

208
Алматы қаласының әкімдік ғимаратын қайта жаңартуға үкімет резервінен 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы"қаулы жобасы дайындалды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Алматы әкімдігі ғимаратын қайта жаңартуға нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 7 млрд теңге сомасында қаражат бөлінсін, – делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, құрылыс 2023 жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс. 

Еске салайық, бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде өртеніп кеткен Алматы әкімдігінің ғимаратын "Атрикс-Строй" құрылыс компаниясы қалпына келтіріп жатқаны туралы жазған едік. БАҚ бетінде жарияланған ақпаратқа сәйкес компанияға мәслихаттың экс-депутаты Әміржан Нәбиев иелік етеді.

Нәбиев 2014 жылы мәслихатқа сайланған уақыттан бастап "Атрикс-Строй" компаниясының әкімдіктегі басқармалармен жасаған келісімшартының құны 13,5 миллиард теңгеден асып кеткен. Ал ең үлкен мемлекеттік шартты 2022 жылдың сәуірінде жасасқан. Келісімшарт құны – 10,3 миллиард теңге.