Бірінші сынып оқушысы 3 айлық қарындасын пышақтап тастады

207
Жетісу облысы Жаркент қаласында 6 жасар бала қарындасын пышақтап тастады деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 10 қаңтарда болған. 6 жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды.

Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл студент. Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. «Неге бұлай істедің?» деген сұраққа 6 жастағы бала «ол жылап мазамды алды» деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, бірінші сыныптың оқушысы.

Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.