Алматыда бес адамды өлтірді деген күдіктінің әйелі пікір білдірді

444
Алматыда бес адамды өлтірді деген ер адамның әйелі оқиғаның қалай болғанын айтып түсіндірді деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі

"Біз барлық құзырлы органдарға жүгіндік. Мен Қазақстанда заңдардың бәрі жұмыс істемейтінін мәлімдегім келеді. Мемлекет кәмелетке толмағандарды қорғамайды. Мен үш баланың анасымын. Банк бізді алдап, мүлікті тиын-тебенге сатып, бұдан бізді бейхабар етіп, бізді түксіз қалдырды. Бұл оқиға болмауы мүмкін еді. Кеше біз "Боран" мен кезекші прокурорды бірнеше рет шақырдық. Прокурор сол күйі келмеді. Мен президентке үнемі хат жазамын. Менің күйеуімді ашындырып жіберді", - дейді әйел. Анаиданың сөзінше, отбасы банк алдындағы міндеттемесін орындаған. Қазір сот шешімі даулы болып отыр. "Мен қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Иә, менің күйеуім қателік жасады. Бірақ сот орындаушы осыған итермеледі...  

Үйді босату санаулы минуттарда онлайн жүзеге асқаны қалай? Қарызды жауып тұрған сұлулық салонына қарамастан үйді алып жатыр. Маған тағы 20 млн теңге қарыз іліп қойды. Бұл турлы бәрі біледі", - дейді әйел. Оның сөзінше, қылмыс кезінде үйде анасы және балаларымен болған. "Қалай болғанын білмеймін, көрмедім, атылған оқ даусын естідім. Егер сол сәтте прокурор келсе, ол қылмыстың алдын алар еді. Адамдар, менің күйеуім, менің отбасым зардап шекті. Біз заңға бағынатын азаматтармыз, мен президентке жүгінемін. Сіз Конституция кепілісіз, менің балаларымды қорғаңыз. Баламның жүрегінде ақау бар, кеше күні бойы ауырып жатты", - дейді ол. Ақша жеке бизнесін дамыту және жеке несиелерді қайта қаржыландыру үшін алынған. Әйелдің сөзінше, коммерциялық нысан банк алдындағы қарыздың құнын өтей алады. 

"Біз несиені төлеп жүрдік, бәрі дұрыс болды, бірақ банк алаяқтық жасады. Соттардың еш жерде тізімде жоқ сырттай шешімі бар. Тіпті оның түпнұсқасы жоқ, банк жасырып қойды. Бұл барып тұрған заңсыздық. Бұл шектен шыққандық және адамдарды моральды тұрғыдан құрту", - дейді әйел. Оның сөзінше, күйеуі - сабырлы, мейірімді, сүйікті әке әрі тәртіпті азамат. "Банк оның кәсібін тартып алды. Жұмыс істемеді. Бұл 2014 жылы басталды, бірақ біз барлық сотты жеңіп алдық. Банкке сатып алушыларды әкеліп, қарызды бес есе жабуға болатын салонды сатуға тырыстық. Барлық сот шешімінде біз жеңіп тұрдық. Біз тек бағалау кезінде жеңілдік. Банк бағаны үнемі төмендетіп отырды. Банк мұны өзіне өзі сатты. Қорқытты, бопсалады, салонға келді. Менің ауруым болғандықтан сот орындаушыдан кейіне шегеруді өтіндік, бірақ сот шешімінде менің кәмелетке толмаған балаларымды шығарып тастау туралы шешім жоқ", - дейді Анаида.