Қырғыз бен тәжік шекарасында атыс болды
173
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы атыс болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қырғызстанның шекара қызметіне сілтеме жасап.
Қырғыз шекара қызметінің дерегінше, Баткен ауданындағы Бұлақ-Башы деп аталатын жерде шекарашылар көрші елдің шекарашылары шартты шекара сызығынан өтіп кеткенін байқаған. Қырғызстан шекарашыларының заңды талаптарына құлақ аспаған тәжік шекарашылары қырғыз жауынгерлеріне оқ ата бастаған. Екі елдің шекарашылары арасында атыс болып, тәжік жағы миномет қолданыпты.
Орталық Азияның жаңалықтар қызметінің жазуынша, Қырғызстан шекара қызметінің директоры мен Тәжікстан шекара әскерінің қолбасшысы телефонмен сөйлесіп, атысты доғаруға келіскен. Алайда қырғыз шекара қызметіндегілер тәжік жағы оқ атуды бірден тоқтатпағанын алға тартты.
Тәжікстан тарапы бұл оқиғаға қатысты дерек таратқан жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін екі ел арасындағы шекараның 972 шақырымының 664 шақырымы келісілгені хабарланып, Тәжікстан басшысы ақпаратты растаған.