Еліміздегі балабақшалардың бірінен жылан табылды
Шымкентте "Самал-3" және "Азат" шағынаудандарының тұрғындары жыландардың шабуылына шағымдануда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті олардың қатарында улылары да бар екенін айтты. Құтқарушылар мамыр айының басынан 9 рет, жыл басынан бері 17 рет бауырымен жорғалаушыларға байланысты шақырту алған. Құтқарушылар жыландарды арнайы техниканың көмегімен ұстап, қауіпсіз жерге жеткізген.
"Құтқару қызметінің 112 нөміріне сағат Самал-3 шағын ауданындағы Мәңгілік ел көшесінің бойындағы балабақшалардың бірінен жылан шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы барып, жыланды тауып, қауіпсіз аймаққа жеткізді. Сондай-ақ сағат 15:25-те "Азат" ықшамауданындағы Ақбастау көшесіндегі тұрғын үйден жылан табылғаны туралы хабар келіп, оқиға орнына құтқарушылар тобы шығып, ұсталған жыланды қауіпсіз аймаққа шығарды", - деді Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі.
Сонымен қатар, сәуір айының ортасынан мамыр айының соңына дейін жыландар үшін жұптау кезеңі болып жатқанын еске салды. Бұл кезеңде олар ең қауіпті және ең үлкен агрессияны көрсетеді. Мамандар жылан шығып қалса бірнеше метр алыс болуға кеңес береді.
"Егер жылан шағып алған болса, алдымен адамды орнынан қозғалтпау керек. Удың таралуының алдын алыңыз. Жылан тістеген жерді жақсылап байлап, антигистамин мен көп су ішу керек. Және барынша тез арада ауруханаға жеткізіңіз", - делінген құтқарушылар хабарламасында.