Қалалық білім бөлімінің 23 есепшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды

1 808

Жетісу облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен Талдықорған қаласы білім бөлімінің есепшілеріне қатысты бюджет қаражатын жүйелі негізде аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Күдіктілер 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде білім беру саласында шын мәнінде жұмыс істемейтін азаматтарға жалақы төлеу және мектеп қызметкерлерінің жалақысын көтеру арқылы 4,6 млрд теңге көлемінде ақша жымқырған. Қылмыстық іс бойынша 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оның 9-ы соттың санкциясымен қамауға алынды, – делінген СЖҚА хабарламасында.


Жауапқа тартылғандардың 21-і – Талдықорған қаласы білім бөлімінің және 14 орта мектептің есепшілері.


Залалды өтеу мақсатында соттың санкциясымен 31 жылжымайтын мүлік объектісі, 14 автокөлік, зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражат бұғатталды. Сондай-ақ күдіктілер келтірілген 3 млрд теңгеден аса шығынды өтейтін болады.


Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып жатыр.


Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.