Келіншек балаларын төрт рет сатып жіберген

1 568

istockphoto.comАтырауда келіншек жаңа туған екі сәбиін баласыз бірнеше жұпқа сатып жібергенғ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Atpress.kz басылымына сілтеме жасап.


Ол жүкті кезінде тағы екі бірнеше адамнан “баламды беремін” деген желеумен ақша алады. Ақшаны алған келіншек ізін жасырған.


Нәтижесінде ана да, оның төрт клиенті де сот алдында жауап берді.


Іс материалдарынан анықталғандай, әйел жүкті кезінде ерлі-зайыптылармен сөз байласып, жаңа туған нәрестені бірден сатып жіберген. Ол осылайша қаржылық жағдайын жақсартпақ болыпты.


Екінші рет жүкті болған әйел бұл баласын да сатамын деп шешім қабылдаған. Бірақ бұл жолы ол бірден екі ерлі-зайыптыны баласын сатамын деп сендірген. Олар әйелген 2,3 миллион теңге көлемінде ақша берген. Ақшасын алған келіншек, көп ұзамай ізін суытқан.


Ал екінші сатып алушылар әйелдің шотына үнемі ақша аударып отырған. Артынша нәресте туылған кезде келіншек баланы соларға табыстаған. 


"Осылайша, жаңа туған нәрестелерін ақшаға сатып алған жұптардың ерлері баланың әкесі ретінде танылып, туу туралы куәлігіне өздерінің есімдерін енгізген", – делінген іс материалында.


Келіншек балаларды сатқаны және сондай-ақ бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сәбилерді сатып алған екі жұп та үш жылға шартты түрде сотталды.


"Бесеуі де аппеляциялық шағым түсіріп, онда Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотының үкімін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұраған. Бүгін қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағым бойынша бірінші үкімді қарап, өзгеріссіз қалдырды. Алқа тараптардың өтініштерін зерделей келе, үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз таппады. Осыған байланысты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ", – деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.