Павлодарда 2 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

260

Фото: pixabay.comПавлодарда 2 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметі мәлім етті, -  деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оиға кеше сағат 11.17-де болған.Бүлдіршінге жедел бірінші медициналық көмек көрсетілген. Жағдайын ауыр деп бағалаған дәрігерлер оны бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, балаға операция жасалған.

«Ішкі қан кету тоқтатылды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр», - делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.