Балабақшада баланы темір орындықпен бірнеше рет ұрған
Оқиға 15 қазанда «София 3» жекеменшік балабақшасында болған. Баланың анасының айтуынша, топтағы басқа тәрбиеленуші оның ұлын салмағы шамамен 2–3 келі болатын темір орындықпен бірнеше рет ұрған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сол сәтте балалардың жанында тәрбиеші де, өзге ересектер де болмаған.
Балабақша қызметкерлері балалар орындыққа таласып, жиһаз абайсызда түсіп кеткенін айтқан. Алайда бейнебақылау жазбасын көрген ана баласын мекемеден шығарып, полицияға жүгінді. Қазір балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаз
Рус






