Атыраудағы жұмбақ өлім: күдікті Индонезияда ұсталды

1 510

© Photo : Polisia.kzАтырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті Индонезияда ұсталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған", - деп жазылған хабарламада.

Ол Ломбок аралында болған. Онымен бірге бұған дейін хабар - ошарсыз жоғалып кетіп, халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған. Қазіргі уақытта оларды елге депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Желтоқсанның соңында отағасының апасы полицияға арыз түсірген. Жоғалған ерлі-зайыптының денесі табылған. Күдікті ретінде осы отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланған.

Тергеу оның ерлі-зайыптыны өлтіруді алдын ала жоспарлағанын анықтаған. Мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, мүлкі мен ақшасын иемденген. Онымен бірге бұған дейін хабар - ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген. Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.