24 жастағы әйел қарыз болған көршісінің қызын байлап ұрған

690

Анасының қарызы үшін қызын байлап, қараусыз жерге апарған әйел екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. 


22 шілдеде аудандық соттың шешімімен 1999 жылы туған әйел екі айға қамауға алынған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты соталды тергеу жүріп жатыр.  


Айта кетейік, күдікті әйел 22 шілдеде ұсталған болатын. 


Еске салайық, бұған дейін бұл оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, видеодағы әйел - баланың көршісі. 


"Қыз табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрған. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Қыздың анасының сөзінше, мұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады", - деп жазды Зәкиева.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.