Қызылордалық әйел байқаусызда бөтен картаға миллион теңге аударған: Енді ол ақшасын қайтара алмай жүр

315

Қостанай облысының аудандық сотында екі қазақстандық әйел соттасып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Бұл істі істі Әулиекөл аудандық соты қарап жатыр. Сотқа арыз беруші Қызылорда облысының тұрғыны. Былтыр жылдың қазан айында әйел құрбысының картасына 1 миллион теңге жіберуі керек болған. Бірақ соңғы 4 санды қате енгізген. Ақша Қостанай облысындағы кенттердің бірінің тұрғынына түскен.

Әулиекөл тұрғыны біреуден миллион түскенін бірден байқамағанын айтады. Айтуынша, телефонында банктік қосымшасы орнатылмаған, банктен хабарлама келмеген. Сонымен қатар, ақша түскеннен кейін бірден соманың жартысы оның банктік қарызын өтеуге кеткен.

“Үлкен сома түсті. Егер мен бұл ақшаның түскенін білгенде, картамды бұғаттар едім. Маған бұл автоматты түрде алынады деді, себебі менің қарыздарым бар еді”, – дейді Әулиекөл тұрғыны.
Соманың қалған жартысын ауыл тұрғыны бірден иесіне жіберген. Бірақ банк өзіне аударған ақшаны қайтару мүмкін болмады. Әйел қазір өз қалтасынан ақшаны қайта алмайды. Ол жұмыс істемейді, декреттік демалыста. Сондықтан іс сотқа жеткен.

“Әулиекөл аудандық сотына Қызылорда облысының тұрғынынан негізсіз баю туралы арыз келіп түсті. Арыз бойынша азаматтық іс қарастырылу сатысында”, – дейді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Зәуре Едікова.