Полиция қызметкері істі жабуға көмектескені үшін әйелді төсектес болуға шақырып зорлаған

396
Түркістан облысының полиция қызметкері 31 жастағы әйелді 8 ай бойы ұрып-соғып, қоқаң-лоқы көрсетіп, зорлап келген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




31 жастағы үш баланың анасы "НеМолчи.kz" қорынан көмек сұраған. Бұл туралы Дина Таңсәрі Instagram әлеуметтік желісінде жазды.

Әйел кісі полиция қызметкерімен өткен жылдың мамыр айында алаяқтық ісі бойынша аудандық бөлімшеге тергеуге барған уақытта танысқан.

Мен ол жаққа бардым, сол жерде полиция бөлімінің жедел кезекшісі менен неге келгенімді, кімге келгенімді сұрап, қызығушылық танытты. Мен тергеуге келгенімді айттым. Ол тергеушіні жақсы танитынын және маған көмек бере алатынын айтып, телефон нөмірімді жазып алды. Тергеу кезінде өсімге ақша алып, ай сайын қайтаратынымды айттым. Тергеуші түсініп, істі жапты, – дейді жәбірленуші.


Әйелдің айтуынша, сол күннің кешінде үйіне жедел кезекші келіп, кездесуді талап еткен. Жәбірленуші шыққанда ол өзінің істі жабуға көмектескенін, алғыс үшін өзімен бір түн өткізуін айтқан. Осы күннен бастап оның өмірі аңду мен қоқаң-лоқыға айналды.



Ол маған қызметтік киімімен, тапаншасымен келді. Мен оны кезекшілікте екен деп ойладым. Сосын мені соққыға жығып, тапаншамен басымнан ұрып, зорлады. Оның айтқанын істегім келмегені үшін шашымнан жұлды. Көзімнен от шыққанға дейін соқты. Таңға дейін жыладым. Таңертең полиция бөлімшесіне барып оның үстінен арыз жаздым, – дейді ол.


«Зорлау» бабы бойынша тергеу басталған. Іс кейін жабылған, бірақ жәбірленушінің бас прокуратураға жазған шағымдарынан кейін ол қайта жанданды. Түркістан облыстық полициясы аталған тергеу департамент басшылығының жеке бақылауында екенін хабарлады.



Қылмыстық іс жаңартылды, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар, аталған өтініш беруші тиісті тапсырма берілген Түркістан облысы ПД бастығына жеке қабылдауға жүгінгенін хабарлаймыз, - деп мәлімдеді ведомоствадан.