Медреседе 15 жастағы жасөспірімді ұстазы соққыға жыққан
Алматыда "заңсыз діни жоралғылар өткізеді" деген күдікке ілінген қайырымдылық мекемесінің қызметкері сонда тұратын 15 жастағы жасөспірімге қол көтеріп, соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Алматы телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғимараттан қашып шығып, қар үстінде жалаң аяқ бас сауғалаған жасөспірімді жақын маңдағы адамдар байқаған.
Абзалдың айтуынша, сол кезде басқа да куәгерлер болған. Олар балаға көмек беріп, мән-жайды полицияға хабарлапты. Ал жеткіншектің өзі ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер соққыдан оның миы шайқалғанын анықтады.
Ауруханада жатқан бала түрін жария еткісі келмеді. Алайда оқиғаның мән-жайын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Ол оқиғаға дейін де өзін нашар сезінген. Бірақ мекеме қызметкерлері пысқырмапты. "Оқымау үшін ойлап тапқан сылтауың" деп, жеткіншектің сөзіне сенбеген.
Оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД пікір білдірді.
Айта кетейік, бұл пансионатқа қатысты алғашқы дау емес. Қайырымдылық мекемесі күдікті әрекетімен бұған дейін де бірнеше рет көзге түскен. Былтырғы қаңтарда оларға тәртіп сақшылары ауқымды тексеріс жүргізіп, оқиға орнынан Қазақстанда тыйым салынған діни әдебиеттер табылғанын мәлімдеді.