Ақтөбеде мектеп оқушысы өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

394
Ақтөбеде полицейлер жергілікті тұрғынның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Құқық қорғаушылардың бір нұсқасы бойынша, марқұмды 16 жастағы қызы өлтіруі мүмкін,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әзірге полицейлер қылмыстық істе күдікті ретінде марқұмның кәмелетке толмаған қызы мен оның 19 жастағы досы танылғанын растады.

«Кісі өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жігіт пен 16 жастағы мектеп оқушысы тергеу изоляторына қамалды. Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қылмыстық іс туралы өзге мәліметтер тергеудің құпиялығына байланысты жария етілмеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.