Мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып кеткен

1 576

Фото: КТКАбай облысында полиция қызметкерін жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.


Жол апаты Аягөз ауданында болды. Ішімдікке тойып алған жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көзілдірік сататын дүкеннің ішіне бір-ақ кірген екен. Жеңіл көліктің астында қалған 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Куәгерлер марқұмның сол жерде жан тапсырғанын, оның тек сырт киімі ғана табылғанын айтады.


Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істеген.


Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.