Отандық әншілердің әні караокеде орындалса ақша төленеді

1 370

Фото: el.kzОтандық әншілердің әні караокеде орындалса ақша төленеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.

"Қазір әншілердің әндері кафе, мейрамханаларда айтылса, заң бойынша арнайы процент төленуі керек. Бірақ оның әні қанша рет айтылғанын анықтайтын ақпараттық жүйе жоқ. Ешбір әнші өзінің әні ел бойынша қанша рет айтылғанын, тыңдалғанын біле алмайды. Шетелдік әртістерге қарасақ, олардың бүкіл ақпараты iTunes сияқты ақпараттық жүйелерге тіркеледі. Бір ән жүктелсе, содан ақша түсетін болғандықтан, концерттерге емес, сондай жобаларға кіруге ұмтылады. Біздің жасағалы отырған ақпараттық жүйеміз осы мәселенің бәрін реттеп, монетизациясын жолға қояды", - деді ол Үкімет отырысының кулуарында.

Вице-министрдің айтуынша, жобаны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Әзірше нақты атауы жоқ. Оны Әділет министрлігіне қарасты "Казпотент" компаниясы жүзеге асырады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.