Ауыл тұрғынын балағаттаған әкім жазаланды

133

Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылының әкімі тұрғынды балағаттағаны үшін қатаң сөгіс алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


2023 жылдың мамыр айының ортасында әлеуметтік желіде жергілікті тұрғын мен әкім Мақсұт Сайділдиновтың әңгімесінің бейнежазбасы пайда болды. Видеода әкім бейәдеп сөздер айтқан.


26 мамырда Жетісу облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті жергілікті белсенді азаматтардың арызынан кейін қызметтік тергеуді бастады. Оның қорытындысы бойынша 31 мамырда аталған департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесі әкімге жаза қолдануды ұсынды.


6 маусымда Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдінов жергілікті тұрғындарға дөрекілік танытып, балағат сөздер айтқаны үшін Сайділдиновке қатаң сөгіс жариялады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.