Қазақстанда жастардың 50 мың теңгеден асатын аударымдарын тексеру ұсынылды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИЖеңіл ақша табамын деп жастардың қылмыстық схемаға тартылу қаупі артып отыр. Депутат Дидарбек Ділдәбек синтетикалық есірткі тасымалы мен дропперлікке қарсы күресте жастарға әлеуметтік қолдауды күшейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Депутаттың сөзінше, құқық бұзушылық жасаған жастардың көпшілігі жұмыссыз болған. Осыған байланысты депутат мұқтаж студенттердің негізгі қажеттіліктерін өтеуге көмектесуді ұсынды.

“Мұқтаж колледж студенттерін тегін тамақпен және киім алуға арналған ваучерлермен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру қажет. Сонымен қатар коммуналдық кәсіпорындар жанынан еңбек заңнамасына сәйкес, күн сайын жалақы төленетін қысқа мерзімді жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынамыз”, – деді депутат.

Сонымен қатар ол жастардың банк карталары мен шоттарын заңсыз пайдаланудан қорғау шараларын күшейтуді ұсынды.

“14 пен 22 жас аралығындағы азаматтардың 50 мың теңгеден асатын тұлғааралық аударымдарына қосымша биометриялық растау енгізген жөн. Студенттердің өз шоттарын сыйақы үшін басқа адамдарға беру жағдайларын және күмәнді операцияларды ерте анықтау үшін банктер, құқық қорғау органдары мен оқу орындары арасында жедел ақпарат алмасу жүйесін қосу қажет. Сонымен қатар тиісті міндеттерді орындамаған банктерді жауапқа тартуды ұсынамыз”, – деді депутат.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.