Терезеде жылап тұрған баланы көрген: полицейлер баланы үйден алып шыққан

1 500

Фото: POLISIA.KZКеше сағат 13:00 шамасында Алтай қаласының оңтүстік бөлігін патрульдеу кезінде «Алтай 03» патрульдік автокөлігінің экипажы жеке сектор аумағынан қалың түтіннің көтерілгенін байқаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары дереу түтін шыққан аумаққа бет алған. Алтай көшесіндегі № 3 үйге келген бойда жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқанын көрген.

Терезеден жылап жатқан баланы көрген полиция майоры Азамат Қанапин өрт сөндірушілерді күтіп тұрмай, дереу көмекке ұмтылған. Оған әріптестері — взвод командирі полиция капитаны Ринат Құниязов пен патрульдік полиция взводы қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Абзал Смағұлов бірден көмектесіп, бірігіп терезені сындырды. Осыдан кейін майор Қанапин үйде қалған баланы тез арада сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге алып кетті.

Сондай-ақ оқиға орнында жүрген көрші де дереу шұғыл қызметтерге хабарласып, өз кезегінде көмек көрсеткен.

Көп ұзамай оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Құтқарылған бала дәрігерлерге тапсырылып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Полицейлер мен көршінің жедел әрі үйлесімді батыл әрекеттерінің арқасында бала дер кезінде құтқарылып, қайғылы жағдайдың алды алынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.