Мәдениет үйінің басшысы миллиондаған ақшаны жымқырған
Ақмола облысының прокуратурасы заңсыз еңбекақыны есептеу фактілерін анықтады. Астрахан ауданының прокуратурасы аудандық мәдениет үйінің қызметінде жүргізілген тексеріс нәтижесінде бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 2022-2024 жылдарда аудандық мәдениет үйінің басшысы орындалмаған жұмыстар үшін өзге тұлғаларға негізсіз еңбекақы есептеу арқылы 2,6 млн теңге көлеміндегі қаражатты талан-таражға салып, мемлекетке материалдық залал келтірген.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Үкім заңды күшіне енді.







