Ақтау тұрғынының асқазанынан арматура табылды

446
Ақтаудың 29 жастағы тұрғыны асқазанындағы ауырсынуға шағымданып, дәрігер көмегіне жүгінген. Мамандар қарын қуысының рентгенографиясы арқылы оның асқазанынан ұзындығы 18, 16 және 15 сантиметр болатын бөгде заттарды анықтаған - деп хабарлайды InAktau.

Медицина мамандары шағын инвазивті эндоскопиялық ота жасады.

"Видеоэзофагогастродуоденоскопияның көмегімен ағзадағы бөтен заттар алынды. Бұл түрлі ұзындықтағы арматура, сондай-ақ алюминий қасықтың бөлігі екені анықталды. Ота жарты сағатқа созылып, сәтті өтті", - деді эндоскопшы дәрігер Бауыржан Танауов.

Науқастың жағдайы тұрақтанған соң, амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.