20 жастағы курсанттың мәйіті табылды

1 620

Фото: ашық дерек көзіЖеліде Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жігіттің Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды. 


"2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. 


"Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.