5 жасар қызды өлтірген педофилге ай сайын кастрация жасалынады
Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған педофил жазасын Қазақстандағы ең қатал түрме – "Қара бүркітте" өтейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
48 жастағы Сайдолим Ғайбназаров қараша айының басында Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі мекемесіне ауыстырылды. Ол өмірінің соңғы күніне дейін камерада отырады. Педофилге түрмеде айына кемінде бір рет мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады.
Айта кетейік, оқиға 13 шілде күні Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған. Ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақатын алған бес жасар қыз өлі табылған еді. Бірқатар ақпарат көздері таратқан ақпаратқа сәйкес, қызды зорлап, өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Ал күдікті бұрын сотталған 1975 жылы туған нашақор болып шыққан.
Оқиға тәртіпсіздікке әкеліп, ашулы тұрғындар күдікті кісі өлтірушіні полициядан алып қалуға тырысты. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайға назар аударып, бұл істі жан-жақты тексеруді тапсырды. Қаза болған қыздың әкесі қылмысты жасады деп күдікке ілінген нашақорға дұрыс емес үкім шығарғандарды жазалауды талап етті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында бес жасар қызды өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматты алдыңғы қылмыстары үшін түрмеге отырғызбаған судьялар және 5 жасар қыздың мәйітін тапқан ауыл тұрғынының оқиғаны баяндап бергені туралы жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қыркүйек айында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оған мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады. Сонымен қатар сот баланың өліміне кінәлі адамды қыздың ата-анасына 100 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіруге міндеттеді.