Антикордың бұрынғы басшысы Татубаев ұсталды

2 537

Фото: ratel.kzБас прокуратура 3 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаевтың ұсталғанын мәлімдеді.

Бас прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаевтың ұсталағынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2025 жылғы 3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаевты ұстағанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейтінін мәлім етті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.