“KAZAKHEXPORT” ЭКСПОРТТЫҚ-САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ” АҚ және “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ” АҚ-ның ӨКІЛДЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
132
“Kazakhexport” экспорттық-сақтандыру компаниясы” ақ және “қазақстанның даму банкі” ақ-ның өкілдері қызылорда облысына іс-сапармен келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үстіміздегі жылдың 26-27 шілде күндері Қызылорда облысына «KazakhExport» экспорттық-сақтандыру компаниясы» АҚ және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның аймақтық менеджері мен өкілдері іс- сапармен келді.
Сапар барысында мамандар өңірдегі 10-ға жуық экспорттаушы кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, облыстың өңдеуші секторындағы экспорттаушы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде аймақта шикізаттық емес экспортының негізгі үлесі күріш, балық өнімдері, тұз, цемент, уран тотығы-шала тотығы және аммоний метаванадаты өнімдерінен тұрады. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында шикізаттық емес экспорт көлемі 35,8 млн. АҚШ долл. құрады.
Сонымен қатар, отандық өнделген өнімдердің экспортын ілгерілету мақсатында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен де тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында QazTrade» АҚ-мен бірлесіп, облыстағы экспорттаушы кәсіпорындарға онлайн-вебинарлар ұдайы ұйымдастырылып келеді.
Нәтижесінде, өңірдегі кәсіпорындар экспорттау барысындағы жол шығындарының бір бөлігін өтеу, Alibaba сауда платформасында «Алтын жеткізуші» мәртебесі бар аккаунттарды алу және экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу секілді қолдау шараларына катысуда.
Айта кететін жайт, KazakhExport – өндеуші сектордың экспорттаушы кәсіпорындарына сыртқы сауда операциялары барысындағы төлем жасамау тәуекелдерін сақтандыру, экспорттық циклдің барлық кезеңдеріне қауіпсіздікке кепілдік беру секілді мемлекеттік қолдау түрлерін ұсынады.