Алматы облысында жоғалып кеткен қыз іс-әрекеті күмән туғызатын ер адамның жанынан табылды

493
Алматы облысының полициясы бір айдай уақыт бойы із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында жүрген кәмелетке толмаған қызды тапты. Ол өзін "пайғамбар" деп атаған талдықорғандық танысының жанында болған. Ер адамға қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде 17 жастағы бойжеткеннің психикалық жай-күйі күмән туғызатын ер адаммен достығы туралы ақпарат тарады.

Жазба авторының сөзінше, ересек адам кәмелетке толмаған қызды азғырған.

"Бұл ер адамның нені насихаттайтыны түсініксіз. Жастар, жасөспірімдер бәрі TikTok-та отырады және осыны көреді. Олардың арасында махаббат, романтика бар болса, олардың жеке ісі екені түсінікті. Бірақ мұндайды ашық насихаттап не керегі бар?", - дейді автор.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі автормен келісіп, ер адамның психикасының дұрыстығына күмән келтірген. Тіпті, олар бұған құқық қорғау органдарының араласуын талап еткен.