Қызылордада «OLX» арқылы алайықтық жасамақ болған
551
Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Іс-құжаттарына сәйкес, сотталушы «ОLX» онлайн хабарландырулар платформасы арқылы «Sony playstation 4» ойын консолін жалға беретін жарнаманы тауып алып, көрсетілген телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып, жәбірленушімен жалға алу жөнінде сөйлесіп, алатын болып келісіп, такси арқылы салып жіберуін айтып, «ойын консолін келген соң ақшаны «Kaspi gold» арқылы аударамын»- деп жалған желеумен сеніміне кірген.
Сотталушының алаяқтық іс-әрекетінен бейхабар жәбірленуші сөздеріне сеніп, құны 200 000 теңге тұратын «Sony playstation 4» ойын консолін такси автокөлігі арқылы салып жіберіп, сотталушының үйінің алдында күтіп алып, алаяқтық, яғни алдап, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқырып, алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес, онша ауыр емес қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
Сот қаулысымен сотталушы ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты ол қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі