Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы сән байқауында жеңіске жетті

446

Фото: видеодан скриншотОңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында қазақстандық бойжеткен жеңіске жетті.
Сеулдегі қазылар алқасы 30 жастағы Дана Қабылтаеваны ақылы көркіне сай ару деп танып, 5 мың доллардан асатын сыйақы табыстаған. 

Ол төрт жыл бұрын алмасу бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяға келген. Осында болашақ жұбайымен танысқан. Дана бүгінде ағылшын тілінен сабақ береді.

Оны модельдер байқауына қатысуға құрбылары көндіріпті. 

"Ұлтыңыз кім деп сұрайды? "Қазақстан" деп жауап бергенде: "осындай бет келбеті бола ма?" деп таң қалады.
Яғни, бізде Еуропа мен Азияға тән нышандар араласып кеткен. Сондықтан оларға өте сұлу болып көрінетін шығармыз", - дейді байқау жеңімпазы Дана Қабылтаева. 

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқауға өзге елдерден модельдер келе алмаған. Сол себепті, подиумге Кореяда тұрып жатқан шетелдіктер шыққан. 

Қазылар алқасы аруымыздың сұлулығымен қатар ән шырқауы мен корей тілін қаншалықты жақсы білетінін бағалаған. 

"Дана ханшайым сән көрсетілімдерінде ерекше жеңілдіктерге ие болады. Оны Кореядағы түрлі ток-шоу мен бағдарламаларға шақырады. Киноға түсіп, жарнама моделі болуына мүмкіндігі бар", - дейді байқауды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ким Ин Бе. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.