Елімізде "мүгедек" терминін заңнамадан алып тастауға ұсыныс тасталды

492

ҚР үкіметінде мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі заң жобасы қаралуда- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Құжатты қабылдау туралы  ҚР парламенті сенаты мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобы және үкімет жанындағы үйлестіру кеңесі бастама жасады. 

Бастама  негізінде 342 позиция бойынша 38 тұжырымдамалық түзетумен 82 заңнамалық актіде ұсыныстар әзірленді. Ол кемсітушілік терминологияны, яғни "мүгедек" ұғымын "мүгедектігі бар тұлға" дегенге ауыстыру және де мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына "мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы" мәртебесін беру секілді нормаларды көздейді. 

"Дәл қазір мұндай мәртебе жоқ. Мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе қамқоршысына санаторий-курортына емделуге тегін жолдама беру. Бүгінде бұл шара заңнамалық тұрғыда да бекітілмеген. Заң жүзінде сондай-ақ сырттай куәландыруды енгізуді бекіту, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамағаны үшін жұмыс берушілердің төлемдерін міндетті өтеу тетігін енгізу көзделеді"- дейді Ерлан Әукенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.