Бір отбасыны қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

1 514

Фото: ©️ pexelsӘлеуметтік желіде Астана маңында отбасының қатігездікпен өлтірілгені туралы хабар тарады бұл хабарға Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz. ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Таралымда ер адамның анасын, әкесін және кішкентай қарындасын өлтіргені айтылған. Сондай-ақ, олардың мәйіттері бөлшектеліп, үй ауласында шашылған деп көрсетілген. 

"Жібек Жолы ауылында болған кісі өлтіру фактісі бойынша мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде түрлі қауесет пен жалған ақпарат таралуда. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Тергеудің барысы полиция департаментінің басшылығының бақылауында. Басқа ақпарат тек тергеу мүддесінде жарияланбайды", – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 2 наурызда.

"Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған", – деп ескертті департамент қызметкерлері.

Жібек Жолы – Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы ауылы. Астанадан шамамен 26 км қашықтықта орналасқан.