Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

2 263

Фото: gov.kzАлматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады. Бұл ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жол апаты Төңкеріс – Байсерке тас жолында болған. Оқиғаның нақты мән-жайы белгісіз.

Облыстық полиция департаменті жол апаты бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Тергеу жүргізіліп жатыр. Жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға, әсіресе түнгі уақытта және қала сыртындағы күре жолдарда аса мұқият болуға шақырамыз", – делінген хабарламада.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Әсет Масабаевтың жағдайы тұрақты, есін біледі.