Депутат екі полиция қызметкерін соққыға жыққан

1 303

Фото: видеодан кадрӘлеуметтік желіде Жамбыл облысында депутаттың екі полиция қызметкерін соққыға жыққаны туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Видео “Президентке хат” Telegram арнасында жарияланды. Кадрлардан азаматтық киім киген ер адамның қызметтік киімдегі екі полиция қызметкерін соққығы жығып, балағаттап жатқанын көруге болады. 


“Жамбыл облысы, Меркі аудандық мәслихатының депутаты Алтынбаев Тәуіржан Тараз қалалық полиция басқармасының кезекшілікте жүрген екі қызметкерін соққыға жыққан. Депутаттың ықпалды байланыстарының кесірінен қылмыстық істі бір жыл бойы сотқа жіберу мүмкін болмағаны хабарланды”, – делінген видеоның сипаттамасында. 


Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаның 2023 жылы болғанын растады.


"Сотқа дейінгі тергеу аяқталды, тараптар іс материалдарымен танысты. Қылмыстық іс құқықтық баға беру және одан әрі сотқа жолдау үшін айыптау қорытындысымен Тараз қаласының прокурорына жолданды", – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.