Су тасқынына байланысты қалада төтенше жағдай жарияланды
1 010
Орал қаласында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, ауа райының күрт жылынуы, қардың еруіне және жердегі тоңның қалың болуына байланысты кеше Ысқырық тау Сарытау шағын ауданы, Саратов тас жолы бойындағы каналдар мен құс фабрикасындағы өткелде ағын су пайда болды.
Су көп мөлшерде келгендіктен, құбырлардан өткізуге мүмкіндік болмаған. Салдарынан Саратов тас жолы бойында орналасқан Мұрат Мөңкеұлы көшесі бойындағы 8 көпқабатты үйдің жертөлесін су басты.
Кеше кәріз жүйелерінің еріген сумен толуына байланысты Зашаған кентінде су беру қысымы төмендеді. Қазіргі уақытта су беру қалпына келді.

Қазіргі уақытта осы үйлердің жертөлелерінен су сору жұмыстары жүргізілуде. Электр сымдарының тұйықталуына жол бермеу мақсатында электр жарығын беру тоқтатылды (990 абонент). Сонымен қатар жылыту жүйелері (жоғарғы қабаттар) өшірілді, - делінген хабарламада.
Кеше кәріз жүйелерінің еріген сумен толуына байланысты Зашаған кентінде су беру қысымы төмендеді. Қазіргі уақытта су беру қалпына келді.
Жұмысқа 150-ден астам адам, 4 КАТ, 8 КамАЗ, сондай-ақ, ТЖД техникасы, атап айтқанда 1 ПНС-110 (ЗИЛ базасындағы мотопомпалар), 6 мобильді (тіркемелі) мотопомпалар және басқа 6 арнайы техника жұмылдырылды. Қазір Зашағанда жағдай тұрақты. Қала бойынша басқа да іс-шаралар атқарылып жатыр, – делінген әкімдік хабарламасында.