Қызылордада мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алғысы келгендер алданып қалды

1 192

Tengrinews.kzҚызылорда облысында полиция қызметкерлері 17 рет алаяқтық жасап, азаматтардың 35 миллион теңгесін қалтаға басқан екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Күдіктілер мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға көмектесемін деген сылтаумен жәбірленушілердің ақшасын иемденген.


Полицияға жәбірленушілердің бірі арызданып, алаяқтар несие алуға көмек беремін деп, одан 7 миллион теңге көлемінде қаражат алғанын айтқан. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ұсталған күдіктілердің облыс аумағында жасалған осыған ұқсас алаяқтықтың 17 фактісіне қатысы бары анықталды. Жалпы келтірілген материалдық шығын 35 миллион теңгеден асады.


Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.