Еліміздің төрт өңірінде жолдар жабылды

284
Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (боран, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуіне) Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында "Жезқазған-Петропавл" а/ж 65-252 шақымдары арасында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қостанай облысында 2 учаске жабық:
“Жезқазған-Петропавл" а/ж 252-340 шақырымдары арасы және
"Жезқазған-Петропавл" а/ж 340-377 шақырымдары арасы.

Батыс Қазақстан облысында 2 учаске жабылды:

"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" км.76-104, Тасқала кентінің уч. - РФ шекарасы.

"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" км.4-72, Орал қаласының уч. - Тасқала кенті.

Ақмола облысында "Жезқазған-Петропавл" тас жолында (377-440 шақырымдары арасы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

ҚазАвтоЖол қызметкерлері жолдардағы жағдайды тәулік бойы бақылауда. Төтенше жағдай туындаған кезде 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет, - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.