Жоғалып кеткен балықшының денесі табылды

1 577

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігіТөтенше жағдайлар министрлігі 10 ақпанда дронның көмегімен қамыстардың арасынан жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Билікөл көлінде Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеуді қайта бастады. Құтқарушылар әуесқой балықшыларды 10 күн бойы іздеді, кейін 21 қаңтарда ауа-райына байланысты іздеулер тоқтатылған болатын", – делінген хабарламада.

Еске салайық, 11 қаңтар күні сағат 12:15-те Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының "112" телефон нөміріне Жуалы ауданы, Билікөл көлі маңындағы Қарабастау ауылының 1981 және 1987 жылғы тұрғындары қайыққа мініп, балық аулауға кеткендігі және олардан еш хабар жоқтығы жөнінде көмек сұрап, хабарлама түскен еді.