Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орынды тапты

175

Қызылорда облысында ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орынды тапты, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қылмыстық атқару саласының  № 68 республикалық мемлекеттік мекемесінің жедел бөлімі  қару тапты.  


Мекеменің жедел бөлімі қызметкерлеріне   қаладағы сол жағалау  мөлтек  ауданы,  № 8 үйдің артындағы  жазық далада  талдың астында, атыс қаруы жасырылған болуы мүмкін  деген хабарлама келіп түскен. 


Келіп түскен ақпарат  бойынша  қызметкерлер Қызылорда облысы бойынша  ҚАЖ департаменті жедел тобымен  жедел, оқиға орнына  барды.


 Анықталған  дерек бойынша Қызылорда қаласының  ПБ - ның  жедел тергеу тобы шақыртылып, аталған қарулар  мен оқтар алынды. 


Яғни,  жедел ақпаратты тексеру барысында  жоғарыда  көрсетілген  мекен жай аумағында  аударылған  талдың  арасынан   ақ матаға оралған  ұңғысы  кесілген  № и -5180 нөмерлі, 16 калибрлі аңшы мылтығы  және 3- дана 16 калибрлі оқтар анықталды. 


 Қарудың атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілген болатын. 


Бүгінгі таңда сараптама қорытындысымен атуға жарамды екені анықталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.