Жалға алған пәтер иесін сабаған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 506

Фото:© Видеодан скринАстана полициясы өзі жалға алған пәтердің иесін ұрып-соққан 22 жастағы жігітті ұстады. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті пәтерді жалға алғанымен, оны белгіленген мерзімде босатпаған.
Пәтер иесімен арада жанжал туындаған кезде ол әйелге балағат сөздер айтып, дене жарақаттарын салған.

«Күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстадық. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Балағат сөздер айту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот ер адамға 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.