СӘКЕНДІКТЕР ӨНЕР ФЕСТИВАЛІН ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТТІ

2 127

Фото: pixabay.comСәкен Сейфуллин ауылдық клуб үйінде «Мәдениет – өнер мәйегі» тақырыбында өнер фестивалі кезекті мәрте шымылдығын түрді. Өнер майталмандарының басын қосқан іс-шара ерекше форматта өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ең алдымен өнер кешінің қонақтары ауыл халқының дайындаған ауқымды көрмесін тамашалады. Бұл ретте, ұлттық киімдер шеруі көпшіліктің көңілінен шықты.

Бұл ретте, жиналған қауым «Адал адам» мәдени-тәрбие тұжырымдамасының 7 бағыты бойынша жасалған жұмыстарды таразылады. Сахна төрінде ауыл өнерпаздары сан алуан бағытта өнер көрсетті. Қыз бен жігіт айтысы жүзеге асып, ауылдан танымал тұлғалардың есімі жаңғыра түсті. Кеш барысында ақын, білім саласының майталманы Бағдат Есназарды ауылдастары еске алды. Сонымен қатар ардақты аналар заманауи бағытта халық әндерінен попурри шырқады.

Тағылымы мен танымы бөлек кештің аудандық мәдениет және тілдеріді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева, аудандық мәслихат депутаттары Алмас Есназар, Марат Бакуов, Ақтөре Ибрагимұлы, Динара Ибадулаева, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиал төрағасы Шаһарбек Нұрсейіт, мәдениет саласының майталманы Сансызбай Сәдуақасов, ақын, жерлестерінің мақтынышы Нұрмат Мансұров қонағы болды.

Кеш соңында көпшілік ауыл өмірінен сыр шертіп, ерекше естеліктерімен бөлісті.